Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Үшқоңыр медресе колледжі сырттай оқу бөлімінің студенттері қысқы сессиясын тапсыруда

Колледж директоры Амиров Абзал Майлыбайұлы 12.01.2018 1511 0 пікір

«Үшқоңыр медресе колледжі» биыл алғаш рет 2017-2018 оқу жылына сырттай оқу бөлімге 31 студентті қабылдап, алғашқы сессиясын бастап кетті. Шәкірттердің басым көпшілігі дін саласында істеп жүрген қызметкерлер.  Колледжде  0112000 "Исламтану" мамандығы бойынша, 0112013  "Имам хатиб" біліктілігі тиесілі болып, мемлекеттік үлгіде диплом беріледі. Оқу мерзімі  2 жыл 10 ай.

Бір қуанатын жайт, сырттай оқу бөлімге республикамыздың әр тарапынан «Исламтану» мамандығы бойынша дипломы жоқ имамдар оқуға түсуге көп сұраныс білдіруде. Келесе оқу жылына да қабылдау жоспарлануда.

Бірінші курс студенттері үшін бағдарлық апта және нұсқаушы сессиясы оқу процесінің кестесіне сәйкес жүргізілуде. Алдағы емтихан – сынақтарда, шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат