Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

АҢЫЗ ДА, АБЫЗ АҚСАҚАЛ ТАЛДЫҚОРҒАН ТӨРІНДЕ (ФОТО)

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 12.01.2018 658 0 пікір
1990 жылы 12 қаңтар жұма күні төл мүфтиятымыз құрылған болатын. Айтулы күн ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жетісу жеріне ҚМДБ-ның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қонақта болуымен тұспа-тұс келді.
Осыдан 28 жыл бұрынғы болған айтулы күннің және мүфтияттың тарихымен таныстыру үшін алғашқы кездесу орталық «Иман» мешітінде бір айлық имамдардың білімін жетілдіру және оқыту семинарында оқып жатқан өңір имамдарымен өтті. Кездесуде Рәтбек қажы діни қызметтегі кездесетін сан-қырлы жағдайлар туралы айтып берді. 
Сол күні орталық «Иман» мешітінде ақшам және құптан намазы арасында Талдықорған жамағатына дәріс жүргізілді. Дәрісте Рәтбек қажы Исламмен дәстүрді ұштастыра өнегелі уағыз жүргізді. Ұлт және жастар тәрбиесі, радикалды топтарға қарсы тұру туралы айтып беріп, бір қатар сұрақтарға жауап беріп, көпшілікті тәнті етті.
Облыстық ардагерлер үйіндегі кездесуде ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты аналарымызға кездесуде асыл дініміз бен дәстүрімізді дамытудағы мемлекеттің зор үлесін айта кетті.
Ал, қасиетті жұма намазға жиылған жамағатқа Рәтбек қажы Нысанбайұлы «Исламдағы бауырмашылық негіздері» тақырыбында уағыз жүргізді. Жұма намаз соңында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Рәтбек ақсақалдың еліміздегі асыл дініміз Исламның дамуы мен бейбіт өмірге қосқан зор үлесін ескере отырып, өзі абыз, аты аңызға айналған қадірменді қонақтың иығына шапан жауып, қимастықпен қош айтысты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат