Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ БАҚЫТЖАН ЕРТАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 09.02.2018 1062 0 пікір

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз әскери қайраткер, генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлын өз өтініші бойынша қабылдады.

Кездесуде Халық Қаһарманы Бақытжан Ертайұлы Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлымен бүгінгі жастарды мемлекетшіл болуға үйрету, олардың патриоттық сезімдерін ояту, иманды қоғам құрудың жолдары, дін мен дәстүр сабақтастығы, т.б. тақырып төңірегінде сұхбаттасты. Сұхбат соңында генерал-лейтенант Бас мүфтидің жаңа қызметіне жақсылық тілеп, Діни басқарманың игі іс-шараларына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Мен өңірлерде өтетін конференциялар мен дөңгелек үстелдерге жиі қатысамын. Сондағы байқағаным – жастар ізгілікке құштар. Бұл – жақсылықтың нышаны. Ендігі мақсат – сол жастарға дұрыс бағыт беруге баршамыз күш салуымыз қажет. Біз мүфтияттың игі бастамаларына қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Б.Ертайұлы.

Бас мүфти өз кезегінде Халық Қаһарманына алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Кездесу соңында алдағы уақытта сауапты һәм салауатты шараларды бірлесе атқару туралы уағдаласты. 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат