Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мешітке жаңа кеңсе тауарлары алынды

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 12.02.2018 204 0 пікір

Жуырда «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне жаңа наиб имамдар мен ұстаз қызметке қосылған болатын. Осыған орай, мешітке бірнеше кеңсе тауарлары алынды.

Мешіттің «Сен де үлес қос!» акциясының аясында 1 принтер, 1 ноутбук, 2 тінтуір (тышқан), 2 пернетақта, 1 қатты диск пен 2 интернет модем, антивирус, проекторға арналған экран және дыбыс ұлғайтқыш секілді кеңсе тауарлары алынды. Аталмыш игі іске Бауыржан Ықыласұлы есімді кәсіпкер азамат демеушілік етіп, 300 000 теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Өкіл имам Төлеби Оспан жомарт азаматтың жанұясына тыныштық, ісіне береке тілеп, қайырымдылық шараға атсалысқаны үшін ұжым атынан зор алғыс білдіріп, ең үлкен сый - Құран Кәрімді табыстады. Өз кезегінде кәсіпкер азамат та ұжымның қызметіне сәттілік тіледі.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат