Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 12.02.2018 209 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарымен кездесулер қолға алынды.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекшілері және қалалық мешіт имамдарының қатысуымен оқу орындарында және жатақханаларда жастармен кездесулер өтіп, салауатты өмір салтын ұстану, жат әдеттерден аулақ болу секілді рухани тазалық мәселелері насихатталуда. Осындай кездесулер аудандарда да жалғасын тауып, кәсіптік білім беретін оқу орындарының жастары белсенді қатысуда.

Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю мұсылманның бір міндеті. Алла Тағаланың: 

«Сендерден жақсылыққа шақыратын, сондай- ақ, дұрыстыққа қосып, жамандықтан тосатын бір топ болсын. Міне, солар құтылушылар»; «Жақсылыққа шақыр, жамандықтан тый» дегенін ескерсек,

аталмыш шаралардың берер тәлімі мен ғибраты мол.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат