Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шымкент қаласында 8000 орындық жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр (ФОТО)

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 12.02.2018 2431 0 пікір

 

Жуырда ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев Шымкент қаласында 8000 орындық салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Кездесу шарасы барысында елімізге белгілі кәсіпкер, меценат Серікжан Сейітжанов мырза бастаған бір топ ел азаматтары болды.

Жалпы, жаңа ғибадат орны қаланың "Нұрсат" шағын ауданында орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 га-ны құрайды. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8м-ды құрайды. Мешіттің биіктігі 4,8 метрды құрайды. Сондай-ақ, жаңа мешіт қаланың орталық әкімшілік аймағында орналасқан.

Құрылысшылардың айтуынша, қала орталығы құбыла бағытына сәйкес келгендіктен жаңа мешіт Шымкент қаласының орталығынан бой көтерген. Сондай-ақ, бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен асхана, фитнес орталық орналасады деп жоспарлануда.

Мешіттің ортасында михраб және жаздық алаң орналасқан, онда мешітке сыймай қалған 2200 жамағат намаз оқу мүмкіндігіне ие болады.

Мешіттің құрылысы мәрмәр таспен тұрғызылған. Жалпы сапасы жоғары деңдейде деп бағаланған Алланың үйі жақын күндері қала тұрғындарына қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Алла үйін салып жатқан бауырларымызға Алла Тағала разы болсын!



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат