Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Өкіл имам сарбаздармен жүздесті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 12.02.2018 402 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Өскемен қаласындағы 27943 әскери бөлімінде өткен шараға арнайы қатысып, әскери қызметкерлер алдында «Әскери ортаға дәстүрлі емес діни идеологияның еніп кетпеуіне жол бермеу» тақырыбында баяндама жасады.

Өкіл имам өз сөзінде діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимыл саласында идеологиялық шараларды ұйымдастырудың маңызды екендігін айта келе:

«Асыл дініміз ислам-бейбітшіліктің діні. Ислам жауыздықты ешқашан қолдаған емес. Сондықтан еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін діни экстремизмге арамызда орын жоқ. Біз кері діни ағымдарға барынша тосқауыл қою, алдын алу бағытында шаралар жасап, лаңкестікке қарсы мемлекеттік бағдарламаның орындалуына да ат салысып отырмыз» деп атап өтті.

Сонымен қатар, отан қорғаудың маңыздылығы жайлы ислам ұлағатынан құнды тағылымдар айтып берді. Жиын барысында әскерилер тарапынан кері ағымдар тарихы туралы қойылған әртүрлі сұраққа өкіл имам нақты мысалдармен жауап берді.

Басқосу соңынан өкіл имам кірпік қақпай ел тыныштығын күзетіп тұрған сарбаздарға амандық, елімізге бейбітшілік тілеп, дұға жасады.

Тағылымдық және танымдық әңгімесі үшін әскери бөлім командирі өкіл имамға шынайы алғыс білдірді.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат