Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

НАИБ МҮФТИ ІС-САПАРМЕН САРЫҒАШТА (ФОТО)

ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 08.03.2018 1258 0 пікір

Ауданға іс-сапармен келген Діни басқарма өкілдері Сарыағаш аудандық орталық мешіті мен Сарыағаш қаласындағы «Ақжол» мешітінің жұмысымен танысты.

Наиб мүфти Бауыржан Есмахан мешіт жамағатымен сұхбаттасып, кеше ғана Астана төрінде өткен Еуразия ғұламалары форумының мән-маңызы жайлы ой бөлісті.

Діни басқарма өкілдерінің сапары «Қапланбек» мешітінде өткен үлкен жиынмен жалғасты.

Жиынға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ-ның мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт, ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев, өкіл имам орынбасары Бекайдар Қымбатов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев, және ауданға қарасты барлық ауыл имам-молдалары қатысты.

Жиында сөз алған наиб мүфти мешіт салудың тәртібін кеңінен түсіндіріп, Ислам дінінің насихатталуын жоғары деңгейге көтеру керектігін айтты.

Ал, Жәнділлә Бекжігіт мешіттер мен мешіт ғимараттары орналасқан жер телімдерінің құжаттарын реттеу мәселесіне тоқталды. Өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы имамдардың діни сауатын көтеру, мешіт жұмыстарының сапасын арттыру  сияқты бірқатар мәселелерге қатысты жоспарларымен бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат