Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

НАИБ МҮФТИ БАУЫРЖАН ЕСМАХАН АЛМАТЫҒА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

10.03.2018 781 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы іс сапары барысында Алматы қаласының мешіттері мен медреселерінің жұмысымен танысты.

Наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқаймен бірге Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» ықшам ауданында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысып, «Фирали Ферғанұлы» мешітінде бесін намазына қатысып, жамағатқа бірлік, ынтымақ жайлы тағылымды уағыз айтты.

Сондай-ақ, наиб мүфти іс-сапар барысында «Әл-Хамид» мешітінің жамағатымен кездесіп «Салиқалы әйелдің сипаты» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Тағылымды уағызда наиб мүфти әйелдің ері алдындағы жалпы міндеттері мен сипаттары туралы айтып өтті. Кездесуде бас имам Еркінбек Шоқай наиб мүфти Есмахан Бауыржан Әбдірашұлын дүйім жамағатқа таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Жұма уағызынан соң наиб мүфти жамағатқа ақ тілегін айтып, елдің амандығын тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат