Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ

muftyat.kz 16.04.2018 551 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Зекет қоры «Қайыр берсең, қайырымын көресің» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Шарада Алматы қаласының алыс-жақын аудандарындағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік сөмкесі үлестірілді. Аталған шараға арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы:

« Қасиеттi Құранда: «…Қайырдан не iстесеңдер, Алла оны күдiксiз бiледi», – делiнген. Адамдарға шамасы келгенше қолұшын беру – әрбір мұсылманның міндеті. Кез-келген адам қолында бар дүниесімен бөліссе, оның сауабы екі дүниеде де алдынан шығады.  Алланың бергеніне шүкір етіп, жоққа сабыр етсек, ертең Алланың алдында жүзіміз жарқын болмақ», - деп жоқшылық тауқыметін тартып отырған жандарды сабырға шақырды.

«Зәм-Зәм» қажылық компаниясының директоры Ербол Жұмабеков Мағжанұлы:

«Ең қайырлы істің бірі - қайырымдылық. Алла разылығы үшін әрбір мұсылман көмекке мұқтаж жанға жақсылық жасауды өзінің борышы деп есептеуі керек. Ислам – кедейлерге, жетім-жесірге, жолаушыға және қай діннен болсын, мұқтаж адамға жәрдем беруді бұйыратын жалғыз дін»,- деді.

Қамқорлық көрген отбасылар осы шараға мұрындық болған барша жандарға алғыстарын айтып, Алладан амандықтарын тіледі. Шара соңында наиб мүфти Бауыржан Есмахан елдің тыныштығын, жамағаттың бірлігін, түрлі бәле-жаладан барша адамзаттың амандығын сұрап, дұға жасады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат