Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ: РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ

www.muftyat.kz 14.05.2018 29179 32 пікір

Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер», – деген.

Демек, мұсылман жұртшылығы рамазаннан бұрын болатын шағбан айының жиырма тоғызы күні кешке қарай жаңа айдың (рамазанның) тууын күтулері керек. Жаңа ай көрінсе, онда келесі күні ораза ұстайды. Егер көрінбесе, сол айды отыз күнге толтырып, оразаны бастайды. Бірқатар мұсылман мемлекеттерінің ғалымдары осы хадисте айтылған шағбан айының 29-ыншы күні 15 мамырға, ал 30-ыншы жұлдызы 16 мамырға сай келетінін мәлімдеуде. Демек, астрономиялық есептер 16 мамырда жаңа айдың туылатынын көрсетуде. Ал 17 мамыр – рамазан айының алғашқы күні болып есептеледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты. Аталмыш мекеме 16 мамырда астрономиялық құралдар көмегімен жаңа айды көруге болатынын мәлімдеді.

Осыған орай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шариғи үкім мен отандық астрономиялық ғылыми зерттеу нәтижесін негізге ала отырып: «17 мамыр – рамазан айының бірінші күні», – деген шешім қабылдады.

Пікірлер (32)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұлбосын | 15.05.2018 12:47

Ассалаумағаликум ! Меркі ауданының ораза кестесін жібере аласыз ба ? 


Әкімші | 16.05.2018 04:18

Ұлбосын, Меркі ауданы:
https://cloud.mail.ru/public/Bpyk/dJqhMxfsz 

lauraegenbergenova | 14.05.2018 01:27

Сəлеметсізбе! Егер оразада бір күн қарыз болса,неше күн өтеу керек?


Әкімші | 14.05.2018 05:12

lauraegenbergenova, 

Әссәләмуғаләйкум, сұрақты мамандарымызға қойғаныңыз абзал, Сізге міндетті түрде жауап беретін болады ин шәә Алла: http://fatua.kz/kz/question

Айнұр Қазбек | 13.05.2018 10:34

Қайырлы кеш. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының ораза кестесін жасап берсеңіздер. Алла разы болсын


Әкімші | 14.05.2018 05:17

Айнұр Қазбек, Қорғалжын: https://cloud.mail.ru/public/G3oa/HYCt8mWXG 

Рахман Жаксыбай | 13.05.2018 02:28

Ассаляму алейкум Арал қаласының ораза кестесы барма?


Әкімші | 13.05.2018 03:31

Рахман Жаксыбай, уағалейкум әссалам. Мына сілтемеден ала аласыз: http://muftyat.kz/kz/news/13833 

Doszhanova Khalila | 12.05.2018 09:27

Кайырлы кеш! сонда Айт байрамы 16 маусымга туседи ма?


Әкімші | 12.05.2018 09:51

Doszhanova Khalila, жоқ, айт мейрамы 15 маусымға келеді. 

Қайрат Шамгулов | 12.05.2018 08:48

Саламатсызба!   кесте  қашан  шығады?   әлде  бұрынғы  кестенің  17-ші  күнімен  бастай  беруге  болама,   кестені  қарауға  уақыт  болмай  жатса,  әсіресе  вахталық  жұмыста  жүргендер  кесте  қарауға  уақыт  таппай  қалуы  мүмкін  әр-түрлі  себептермен  


Әкімші | 13.05.2018 12:12

Қайрат Шамгулов , Әссәләму ъаләйкум! Жаңа, өзгерген кестелер сайтымызға шықты:
http://muftyat.kz/kz/news/13833 

Ержан | 12.05.2018 07:41

Ассалаумағалейкум кестені кай уакытта ала аламыз

 


Әкімші | 13.05.2018 12:10

Ержан, уа ъаләйкум әссәләм! Жаңа, өзгерген кестелер сайтымызға шықты:
http://muftyat.kz/kz/news/13833 

Муратов Исабек | 12.05.2018 07:38

Сәлеметсіздер ме!Демек, ораза тұтудың бірінші күні 16-нан 17-сіне қараған түні сәресін жабумен басталады ма? Әлде сәресін жабу 15-нен 16-сына қараған түннен басталады ма?


Әкімші | 12.05.2018 09:48

Муратов Исабек, 16-нан 17-не қараған түні

Аманбек | 12.05.2018 07:22

Сәлеметсіздерме менің жасым 20 Оразаны алғаш рет ұстайын деп отырмын Алла қаласа бір сұрағым бер еді таңда ауыз бекітерде оқылатын дұғаны ауыз бекітпес бұоын оқимынба жоқ әлде бекітіп болған соң оқимынба және Ауыз ашар сәресінде оқылатын дұғаларды қайдан іздеуге болады сол туралы айтып жібересіздерма Алла разы болсын


Әкімші | 13.05.2018 12:09

Аманбек, Әссәләму ъаләйкум, Алла қабыл етсін! Сәресі дұғасын ауыз бекітіп болғаннан кейін оқисыз...

Ауыз бекіту және ауызашар дұғаларын сілтемеге өту арқылы жүктеп ала аласыз: https://vk.com/muftiyatkz?z=photo225130949_456243260%2Fwall-70600179_21764

 

Берік С | 12.05.2018 06:53

Кестені құрастыра аламыз ғой. "Биыл Рамазан 30 күн болып қалды ма?" деген сауал негізі....


Әкімші | 12.05.2018 09:47

Берік С, жоқ, биыл Рамазан 29 күн деп отырмыз. 15 маусым айттың бірінші күні 

Берік С | 12.05.2018 06:51

Кесте дайын ба? 


Әкімші | 12.05.2018 09:46

Берік С, дайын болған бетте сайтқа шығарамыз

Kalmurza Sultanbek | 12.05.2018 05:25

сонда 16 нан 17 не караган туни ауыз бекитемиз ба ?


Әкімші | 12.05.2018 09:44

Kalmurza Sultanbek, иә

Табынбаева Акгуль | 12.05.2018 03:26

Саламатсыздарма! Кесте бұрынғыша қала бере ма екен? 


Әкімші | 12.05.2018 03:42

Табынбаева Акгуль , Саламатсыз ба! Кестені жуық арада жаңартып шығарамыз.

Әкімші | 13.05.2018 12:11

Табынбаева Акгуль , Жаңа, өзгерген кестелер сайтымызға шықты:
http://muftyat.kz/kz/news/13833 

Есімхан | 12.05.2018 01:55

Алла разы болсын. Халықка осылай тарата береик пе?


Әкімші | 12.05.2018 02:07

Есімхан , әмин! Иә, тарата беруге болады

Самат | 12.05.2018 03:28

Әкімші,кесте қайта жаңарып шығады ма?

Әкімші | 12.05.2018 03:42

Самат, Иә, кестені жуық арада жаңартып шығарамыз.

Әкімші | 13.05.2018 12:11

Самат, Жаңа, өзгерген кестелер сайтымызға шықты:
http://muftyat.kz/kz/news/13833 

Ұқсастар

Мұрағат