Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Досжан хазретке кабинет ашылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 14.05.2018 290 0 пікір

Кеше «Ақтөбе медресе колледжінің» 10 жылдық мерейтойына орай өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту және дәстүрлі руxани білім мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция делегаттары тағы бір тарихи сәттің куәсі болды. Олар Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің «Тарих» факультетінде дін қайраткері Досжан хазрет атындағы оқу кабинетінің ашылу рәсіміне қатысты.

Кабинеттің салтанатты түрде лентасын кесу құрметі наиб мүфти Алау Әділбаев пен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің профессоры Айталы Амангелдіге берілді.

Университет ректор Бауыржан Амангелдіұлы Досжан Қашақұлының діни ағартушылық саласына қосқан сүбелі үлесі жайлы айтты. Оның есімімен жаңа кабинет ашылуы - алдағы уақытта Досжан хазрет секілді діни қайраткердің өлшеусіз еңбегі мен өмірі жайлы курстық және дипломдық жұмыстар, магистр, докторлық диссертациялардың қорғалуына, тұлға тәлімінің зерттеп-зерделене түсуіне жасалған игі қадам болады деп сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Темір ауданының тумасы Досжан хазрет Қашақұлы хакім Абаймен хат алысып, сонау Меккеде қазақ қажылар үшін қонақ үй салдырған, дін саласының дамуына аянбай үлес қосқан діни қайраткер.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат