Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Наиб мүфти бастаған конференция делегаттары батыр кесенесін зиярат етті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 14.05.2018 292 0 пікір

10 мамыр күні Ақтөбеде «Қоғамдық сананы жаңғырту және дәстүрлі руxани білім мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға наиб мүфти бастаған ҚМДБ-ның бірқатар өкіл имамдары, медресе директорлары мен ұстаздары және «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Шамшәдин Керім қатысқан болатын.

Бейсенбі күні конференция делегаттары Ақтөбе медресе-колледжіне бас сұқты. Оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы шәкірттермен сұхбат құрды. Наиб мүфти Алау Әділбаев медресенің колледж статусын алуы үлкен мақтаныш, әрі ұжымға зор жауапкершілік жүктейтіндігін тілге тиек ете отырып, шәкірттерді білім алуда табанды, таза ықыласты болуға шақырды.

Сұхбат барысында «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Шамшәдин Керім мырза медресеге құнды тарту жасады. Медресе ұстаздары мен шәкірттеріне қажетті көмекші құрал болсын деп қалың мұқабалы қазақ-араб сөздігімен қатар бірнеше кітаптар сыйлады. Білімін жетілдіремін деген бітіруші түлектерді оқуға шақырды.

Сонымен қатар, конференция делегаттары Ақтөбе өңірінің мақтанышы - Есет батыр Көкіұлының кесенесін зиярат етті. Батырдың рухына Құран бағышталып, ер атына тағзым жасалды.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат