Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматы Орталық мешітінің шәкірттері сертификат алды (ФОТО)

16.05.2018 633 0 пікір

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Бесіктен қабірге дейін білім алыңдар!" ­– деген. Білім алу – әрбір мұсылман ерге де, әйелге де парыз.

Алматы Орталық мешітінде жыл сайын 9 айға созылатын 3 кезеңдік  білім беру курсы толассыз жүргізіліп келеді. Мешіт жанында тұрақты түрде жүргізіліп отырған сауат ашу курсында діни біліммен сусындаған шәкірттер арасында еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін білім алып жүргендер бар. Сонымен қатар, қала сыртынан қатынап, мешітіміздің ұстаздарынан дәріс алу үшін алыстан келетіндер де табылады.

Шәкірттер кезекті оқу мерзімін тәмамдап емтихан тапсырды. Білім алушылар арасында сынақты үздік тапсырып, алған білімін көрсете білген  100-ге жуық шәкіртке Алматы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Керімбекұлының атынан сертификат табысталды.

Сертификатты Алматы Орталық мешітінің ұстазы Талғат Дайрабайұлы мен Алматы «Әйел-қыздар секторының» басшысы Маржан Оразанбайқызы табыстады. Шара барысында ұстаз Талғат Дайрабайұлы ілім алудың артықшылығы жөнінде уағыз-насихат айтты, әрі білім алуды орта жолда  қалдырмауға үндеді.

Муаз бин Жәбәл (Алла оған разы болсын): "Білім алыңдар! Білім алу – Алладан қорқу. Білімді талап қылу – ғибадат, алған білімді қайталау – тасбих, білімге ынталану – жихад, алған білімді тарқату – құрбандық, білімді білмегендерге үйрету – садақа" – деген.

Осыған орай шәкірттерді ілім алуға ынталандыру мақсатында сертификатпен қоса, қасиетті Құран Кәрім сыйға тартылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат