Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қари жамағатпен қимай қоштасты (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспсөз қызметі 13.06.2018 282 0 пікір

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Құран хатымы аяқталып, хатым дұғасы қасиетті Қадір түнінде жасалды. Бір ай бойы мешіт ішін кернеген Құран сазы жамағатты қасиетті айдың шапағат нұрына шомылдырды.

Рамазан айында Құранды хатым оқыған Түркиялық қари Медыгат Пынар жамағат алдында сөз сөйлеп, бір ай бойы өзін құрметтеген қазақ халқына, шығысқазақстандық жамағатқа ақ алғысын айтып, ізгі ниетті жамағатпен қимай қоштасып тұрғандығын жеткізді.

«Егер Қазақстанға келер жылдардағы қасиетті Рамазанда тағы келу бақыты бұйырса, түгел түркінің атажұрты-Алтай баурайындағы Өскеменді таңдар едім»,-деді ерекше толғаныспен ол.
«Бір ай бойы қасиетті Құран хатым оқыған қариды ерекше құрметпен өз отанына шығарып салғалы отырмыз. Қазақ халқы қариды ежелден ерекше құрмет еткен. Бізде сол дәстүр бойыша Медыгат Пынар мырзаға қазақ салтымен иығына шапан жабамыз. Бұл шығыс қазақстандық мыңдаған жамағаттың ықыласы деп қабылдаңыз»,-деп ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы қариға шапан кигізді.

Жиналған жамағат қауымда қариға алғыстарын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат