Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырау: ҚАРИҒА ҚҰРМЕТ - ҚҰРАНҒА ҚҰРМЕТ

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі islam-atyrau.kz 13.06.2018 112 0 пікір

Қасиетті Рамазан - Құран түскен ұлық ай. Қадірі мол бұл айда қасиетті Құран Кәрімді бастан-аяқ оқып, толығымен хатым етудің жөні ерекше екені белгілі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істер басқармасының екіжақты келісім-шарт аясында қасиетті Рамазан айының құрметіне Құранды хатым ету үшін бауырлас түрік елінен Атырау қаласына Чордук Садык қари келген-ді. Түркиялық қари Атырау қаласындағы күмбезі көкпен таласқан "Иманғали" орталық мешітінде ай бойы тарауық намазын өткізіп, әсем даусымен Құранға деген сүйіспеншілікті арттырған болатын.

Құранды толығымен тарауих намазында хатым еткен қари Чордук Садыкқа ҚМДБ-ның Атырау облысы бойыншы өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров жамағаттың және өзінің атынан ризашылығын білдіріп, көпшілік алдында алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар, қазақы дәстрүрдің аясында түркилық қаридың иығына шапан жауып, кеңпейілдікпен сый-сияпат көрсетті.

Қасиетті Құран Кәрім аяттарынан болған сауапты Алла Тағаладан қабыл болуын тілеп дұға қылған өкіл имам Батыржан Берденұлы еліміздің іргесі аман, тыныштығымыздың тұрақты болуын, береке-бірлігіміз жарасып, қуаттана берумізді, әрі түрлі табиғи апаттардан, қауіп-қатерлерден сақтауын тілеп дұға жасады. Қасиетті Қадір түнін ұлықтай келген Атырау халқы еліміздің әр өңіріне қарилардың келуін қамтамасыз етіп отырған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіретке ризашылыөтарын білдіріп, берекелі түнді құлшылықпен жалғады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат