Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Әбу Бәкір сыддық» медресесі түлектерін ұшырды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 13.06.2018 477 0 пікір

Павлодар облысындағы діни білім ордасы "Әбу Бәкір Сыддық" медресесі  Исламтану, біліктілігі, имам хатиб, мамандарын даярлайтын оқу орны. Медресе 9 жыл бойы шәкірттерді тәрбиелеп келеді. Медресеге жалпы орта білімі бар ер балалар қабылданады. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Студенттер тамақ және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Медреседе жоғары білімді исламтанушы, дінтанушы мамандар дәріс береді. Олардың ішінде араб елінен шақырылған арнайы ұcтаз да бар. Оқуды тамамдаған түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, қызметпенқамтамасыз етіледі. Білімді де білікті және салауатты маман болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасалған. Медресенің оқу ғимараты лекциялық аудиториялар, кітапхана, интернет желісіне қосылған компьютер залы, жатақхана, мешіт,  спорт алаңы, асхана, және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. 

Білімді де білгір мамандарды даярлайтын оқу орны биыл  тоғызыншы жылда өз түлектерін ұясынан ұшырғалы отыр.  Осыған орай 2017-2018 оқу жылы медресені тәмәмдаушы 3- курс студенттері Құран, Араб тілі, фиқһ пәндері бойынша емтихан тапсырды. Сынақты комиссия төрағасы "ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Хасан Ташайұлы, өкіл имам Жолдас Қоспақұлы және осы медресенің директоры Аршабаев Серікболдар қабылдады.

«Емтихан нәтижесінде биылғы түлектердің 4-і өте жақсы, 6-ы жақсы үлгеріммен, біреуі қанағаттанарлық  баға алды. Түлектердің 3-і Павлодар облысынан, 1-і Оңтүстік Қазақстан облысынан, 3-і Солтүстік қазақстан облысынан, 1-і Қарағанды облысынан, 3-і Шығыс қазақстан облысынан. Жалпы биылғы түлектердің үшеуі  жоғары білімді (заңгер, экономист), төртеуі бұрын колледж бітірген арнайы маман иелері. Олар өз жүрек қалауымен біздің медреседе 3 жыл оқып тәмамдауда. Енді бұл жастардың 4-і алда «Нұр Мүбарак» университетінде білімін жалғастырса, 1-і Баянауыл ауданына дінтанушы мамандығы бойынша қызметке шақырылуда. Ал қалғандары алған білімі бойынша мешіттерде қызмет атқарады»,-дейді медресе директоры Аршабаев Серікбол.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат