Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ТҮРКІСТАНДА ҚМДБ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

www.muftyat.kz 03.07.2018 2970 0 пікір

Бүгін киелі Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы ғимараты ашылды.

Айтулы шараны Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ашып, бұл бастама тарихи шешім екендігіне тоқтала келе, өзінің құттықтау сөзін жеткізді.

Салтанатты рәсімде сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

«Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы болып қайта бекітілуі – данагөй шешімі деп есептейміз!  Рухани жаңғыру идеясының шын мазмұны енді ашылғандай күллі қазақ халқы қуанып, бірінен бірі сүйінші сұрап жатқанына куә болудың өзі бақыт. Бұл ше­шімнің біз үшін рухани маңызы – жаңа аймақтың Түр­кістан облысы деп аталуы және оның орталығы қазақтың күллі ұлы­ларына мәңгілік мекен бол­ған Түркістан қаласының таңдалуы», – деп атап өтті.

Бас мүфти Түркістан қаласынан мүфтияттың арнайы кеңсесінің ашылғандығын және жауапты қызметке өзінің бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпеновтың тағайындалғанын атап өтті.

Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы сөз алып, жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат