Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ БІРІНШІ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

muslim.kz 06.07.2018 848 0 пікір

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен жалпы жиналыс болып өтті. Бас мешіт ұжымымен өткізген жиналыс барысында Серікбай қажы Ораз республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы қызметіне Қыдырмин Қанат Қоянбекұлын тағайындады.
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің еліміз ғана емес, алыс-жақын шетелдерге кеңінен танымал екенін айта келіп, алдағы уақытта да құлшылық ордасының жұмысын одан әрі дамыта түсуге ұжым болып атсалысуға шақырды. Бірінші наиб имам қызметіне тағайындалған Қанат Қыдырминнің діни саладағы ұзақ жылдар бойғы еңбегі мен тәжірибесін атап өтіп, өзіне артылған аманат пен жауапкершілікті абыроймен атқаруына сенімін білдірді. Жиналыс соңында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қанат Қыдырминге бірқатар тапсырмалар беріп, нақты міндеттер жүктеді.

Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы 1980 жылы 26-қыркүйекте Ақмола облысы, Тайынша ауданы, Мәдениет ауылында (бұрынғы Көкшетау облысы, Келлер ауданы) дүниеге келген.

1986-1997 жылдары Мәдениет ауылындағы орта мектепті бітірген.

1997-2001 жылдары Шымкент қаласындағы Халықаралық қазақ-араб университетінің «Дінтану және араб тілі» факультетін тәмамдаған.

2001-2003 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ «Әлем тілдері орталығы» факультетінің «Араб тілі» мамандығы бойынша магистратурасын үздік аяқтаған.

2003-2006 жылдары Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде араб тілінен сабақ берген.

2006-2008 жылдары Көкшетау қаласындағы «Науан хазірет» Орталық мешітінде ұстаз, кейіннен наиб имам қызметтерін тағайындалған.

2008-2017 жылдары ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы және «Науан хазірет» Орталық мешітінің бас имамы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың 12-мамырынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы және ұстазы қызметін атқарды.

2018 жылдың 6-шілдесінен бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы қызметіне тағайындалды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат