Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мұқтаж жандарға көмек берілді

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 09.07.2018 137 0 пікір

Жуырда Талдықорған өңірінің өкілі, Орталық «Иман» мешітінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының бастауымен аталмыш өңірде «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті. «Қайырымдылық жасап жарысайық» деген атпен өткен бұл шараға мұқтаж отбасылардың әлеуметтік картасы арқылы жасалған тізімдегі отбасылар қамтылды. Акцияның негізгі мақсаты - шет аймақтарда тұратын тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға азық-түлік жеткізу. Қаратал ауданынан бастау алған бұл шараға өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы аудан басшыларымен бірге жүріп, әрбір мұқтаж отбасына жеке-жеке атбасын бұрып, азық-түлік таратты. Қасиетті Құран кітапты сыйлады. Ауыл аймақты аралап, ақсақалдардың батасын алды. Ал «Иман» мешітінің қызметкерлері ҚМБД-на қарасты «Зекет» қорымен бірігіп, Талдықорған қаласының шеткі бөлігінде орналасқан Көктал, Еркін, Алмалы шағын аудандарын аралап, мұқтаж көпбалалы отбасыларға картоп таратты. Осылайша, шарада бас- аяғы 300-ге жуық отбасына жәрде берілді. Болашақта бұл шара жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат