Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ердоған Түркия президенті ретінде ант қабылдады

kazislam.kz 10.07.2018 222 0 пікір

Бүкілхалықтық сайлауда дауыстардың басым бөлігін иеленген Режеп Тайип Ердоған Түркия Президенті ретінде салтанатты жағдайда ант берді. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.

Парламент төрағасының міндетін атқарушы Дурмуш Йылмаз Ердоғанға Түркия Республикасының президентінің куәлігін табыс етті.

«Барша халықтың алдында барлығы жақсы өтті. Алдағы уақытта да Түркияда барлығы жақсы болатынына үміттенемін», — деді ант бергеннен кейін Ердоған.

Парламент ғимаратынан шыққаннан кейін президент Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейіне барды.

Осылайша, Түркия парламенттік басқару формасынан ресми түрде Президенттік Республикаға ауысты. Айта кетейік, 4 шілде күні Түркияның Жоғарғы сайлау комиссиясы 24 маусым күні өткен ел президенті мен парламентінің кезектен тыс жалпыұлттық сайлауының қорытындыларын жариялаған болатын.

Оған сәйкес, Әділдік және даму партиясымен және Ұлттық іс-әрекет партиясымен (MHP) құрылған — «Халық альянсынан» кандидат ретінде ұсынылған Режеп Тайип Ердоғанға 26 млн 330 мың 823 (52,59%) сайлаушы дауыс берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат