Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Астананың 20 тарихи орны» атты танымдық қалалық квесті өтті (ВИДЕО+ФОТО)

ummet.kz 10.07.2018 345 0 пікір

«Нұр Астана» орталық мешіті Жастар бөлімінің және «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ Астана қалалық филиалының бастамасымен «Астананың 20 тарихи орны» атты танымдық қалалық квесті өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Аталмыш шара Астана қаласының 20 жылдығына орай жастардың арасында Елордамыздың тарихы және тарихи орындары жөніндегі білімдерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Квест барысында әр команда берілген құпия тапсырмаларды орындайды. Тапсырма Астана қаласының 20 тарихи орнын меңзейді. Қатысушылар сол орындарды табуға тиіс.  

Шара ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы, Керей мен Жәнібек хандар ескерткіші, Абай Құнанбайұлының ескерткіші, Көпес М.К.Кубриннің сауда үйінің ғимараты, т.б. тарихи орындарды қамтыған.

Квестке 7 команда қатысып, мерекелік шараның мерейін асырды. Іс-шараның соңында қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, «Нұр Астана» орталық мешітінің атынан жайылған мерекелік дастарханнан дәм татты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат