Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 09.08.2018 283 0 пікір

Ақтөбелік әйел жамағатына арналған психологиялық семинар-тренинг жұмыстары қорытындыланды. 3-7 тамыз аралығында жалғасқан семинарды психология ғылымдарының докторы Әлия Төлегенова жүргізген болатын.

Психологпен кездесуге барлығы 300-ден астам адам қатысты. Онда әйел психологиясындағы өзекті мәселелер көтеріліп, әйелдің тұлғалық келбетін дамыту, эмоцияларды реттеу, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ, 51 сауал жолданып, жамағат маңызды мәселелерде маман кеңесіне жүгіне білді. Бес күнге жалғасқан семинардан жамағат көптеген пайдалы мағлұмат алды. Психолог Әлия Аманғалиқызы мен ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

Бүгін семинарға толық қатысқандарға, соның ішінде, мешіт ұстаздарына арнайы сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар атынан психолог Әлия Аманғалиқызына «Нұр Ғасыр» мешітінің қолдан тоқылған суреті сыйға тартылды. Есімі ақтөбелік батыр қыздың құрметіне қойылған Әлияның жаны Ақтөбеге етене жақын. Себебі марқұм әкесі осында, құтты мекеннің құмында өскен, Ойылдың тумасы. Ақтөбе сапарынан алған оң әсерімен бөліскен ол жамағаттың ерекше ілтипаты үшін рахмет айтып, ризашылығын жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат