Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шымкент: Құрбандыққа дайындық

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі 09.08.2018 396 0 пікір

Исі мұсылман үшін қасиетті құрбан айт мерекесі ұлық мереке. Ұлық мерекені жоғары деңгейде өткізу қажет. Осы орайда ҚМДБ Шымкент қаласының өкілі әрі орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев және орталық мешіттің бірнеше наиб имамдары мал сою бекеттерімен танысты. Атап айтқанда, Шымкент қаласында орналасқан СПК «Халал Қасап» мал сою бекеті болды.  СПК «Халал Қасап» ауылшаруашылық өндірістік копиративі ірі және уақ малды сойып етін жіліктеп береді. Мекеменің негізгі талабы гигиеналық тазалық әрі адал мал сою болып табылады. Мекеме басшылығы бас имамды мал сою бекетінің ішкі жабдықтарымен оның заманауи үлгіге сай екендігін, барлық гигиеналық талаптар сақталғанын таныстырып шықты. Және де имамдар қасапшыларымен жүздесіп құрбандыққа шалынатын малдың шариғатқа сай талаптарын айтып сұрақ-жауап жасады. Қорыта келгенде мал сою шарасы арнайы жабдықталған, барлық талаптарға сай орында болғаны қажет.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат