Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАЗА БОЛҒАН ИМАМНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

www.muftyat.kz 09.08.2018 2029 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Қара Ертісте суға ағып, қайтыс болған ауыл имамының отбасына көңіл айтты.

"Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылының имамы, дініміздің жанашыр азаматы Дəурен Сапарғалиұлының отбасындағы қайғылы  жағдай біздің де қабырғамызды қайыстырды.

Өзімнің жəне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының барлық қызметкерлері атынан марқұмның туған-туыстарына  қайғыра көңіл айтамын. Алла Тағала қазаның артын қайырлы еткей.

Марқұмның жаны жаннатта болғай. Жаратушы Иеміз өз  рақымына бөлегей. Алла артында қалған отбасына, туыстарына жар болғай.

Дін қызметкерлері Дəурен Сапарғалиұлының туыстарына сабырлық тілейді", - делінген Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың жолдаған көңіл айту жеделхатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да имам мен оның екі баласының суға батып кеткені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, барлығы тез уақыт ішінде болған. Ер адам да, оның ұлы да су ағынына төтеп бере алмаған.

Бүгін ауыл имамы Дəурен Сапарғалиұлының денесі табылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат