Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шымкент: ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі жұма өткізді

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі 10.08.2018 277 0 пікір

Бүгін, яғни қасиетті жұма күні Шымкент қаласындағы Абдулхамит Қаттани мешітінде ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жұма өткізіп, уағыз айтты. Уағыз тақырыбы бес парыздың бірі қажылық жайлы өрбіді. Сансызбай ұстаз: «Исламның бес тірегінің бірі болған қажылық құлшылығы – Алланың құлдарына берген жақсылықтарға толы зор мүмкіншілігі. Қажылық ұғымы – араб тіліндегі الحَجُّ  (әлхажжу) ұғымының баламасы. Тілдік мағынасы: ұлық тұтқан нәрсеге талпыну және ниеттену, оны мақсат тұту», - деді. Жалпы қажылықты жанжақты түсіндіре келе жағдайы жетіп тұрған мұсылманға қажылық жасау парыз екенін түсіндірді. Жыл сайынғы қажылыққа баратын отандастарымыздың санын көбейтуге атсалысу, халықты барынша мағлұматтандыру керектігін баса айтып кетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат