Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жаңаөзен қалалық мешітінің имамы ауысты

16.06.2014 2058 0 пікір

Маңғыстау облысына қарасты Жаңаөзен қалалық мешітіне жаңа имам болып Маманбаев Қайрат Қошкелдіұлы тағайындалды. Жаңаөзен қаласына арнайы барып, жұма намазына қатысып, уағыз айтқан ҚМДБ-ның Маңғыстау облысындағы өкіл имамы С.Сейтбеков мешіт жамағатын  жаңа имаммен таныстырды.

Мешіттің бұрынғы имамы Асқаров Бекен Қыдырбайұлына зейнетке шығуына байланысты қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, еңбегіне деген құрметпен алғыс хат тапсырды. Бекен Қыдырбайұлы Жаңаөзен қалалық мешітіне 2002 жылы бас имам болып тағайындалған. 12 жыл бойы өз қызметін атқарып келген ол өз өтініші негізінде қызметтен босатылды.

Маманбаев Қайрат Қошкелдіұлы  1979 жылы туылған.

1999-2004 ж.ж. аралығында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына  қарасты Қызылсай ауылындағы мешітте бас имамдық қызметті атқарды.  

2004-2014 ж.ж. аралығында Маңғыстау облысы Жаңаөзен  қаласына  қарасты Теңге ауылдық мешітінің бас имамы қызметін атқарды.

ҚМДБ-ның бұйрығы бойынша маусым айынан бастап Жаңаөзен  қалалық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат