Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ КАИРДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА: КІРПІШ БОП ҚАЛАНУ ҚАЖЕТ... (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 11.09.2018 1554 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары аясында Каир шаһарында білім алып жатқан біртоп студенттермен кездесті. Басқосуға Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі Арман Исағалиев қатысты.

Дінбасы жастарға арналған дəрісте:

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, халықты ізгілікке үндеп кеткен кешегі Абай атамыз: "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан", - деп жырлайды. Сіздер осы жерде алған білімдеріңізді еліміздің игілігі мен бірлігіне, жан-жақты дамуына сарп етулеріңіз керек. Біздің əрқайсымыз "Қазақстан" деп аталатын бейнебір алып ғимараттың бір кетігін тауып, қалануымыз қажет. Дін жолындағы адам ағымның арбауында кетпеу керек. Бізге діни бірлік қажет. Діни тұтастық болған қоғамда дін де, мəдениет пен салт-дəстүр дамиды. Дін мен дəстүрдің жанашыры, насихатшысы болатын болашақ тұлғалар - осы отырған өздеріңіз. Алла Тағала алған ілімдеріңізді пайдалы, игі істерге сарп етуді нəсіп еткей", - деп атап өтті.

Кездесу барысында студенттер Бас мүфтиге сауал қойып, жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат