Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Халифа Алтай» мешітінде «Кешкі сұхбат» өтті (ФОТО)

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.09.2018 245 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде студент жастар қатысқан «Кешкі сұхбат» атты шара өтті.

Мұнда жастарға дастархан жайылып, жат ағымнан сақтану жайлы насихат айтылды. Шараға облыстық мешіттің ұстазы Мәди Мұхтанов қатысып, жастарға әдет-ғұрыпқа қатысты тағылым айтып берді.

Еліміздің әр түкпірінен және Қытай, Монғолия мемлекеттерінен келіп білім алып жатқан студент жастар тағылымды насихат тыңдап, рухани әңгімемен сусындады.

«Осы іс-шараны жастарды жат ағымдардан сақтандыру, ұлттық салт-сананы дәріптеу мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Бұйыртса осы бағытта алда тағы да ауқымды істер атқару көзделіп отыр» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат