Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жазиралы Жаркент жерінде мешіт ашылды

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі 14.09.2018 720 0 пікір

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұмада Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаскент ауылында сәулетті де зәулім мешіт мұсылман қауымына есігін айқара ашты.

Айтулы шараға көрнекті дінтанушы, филология ғылымдарының докторы, ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі мырза мен ҚМДБ- ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпқанұлы қатысып жиналған жамағатты сəні жарасқан құлшылық үйінің ашылуымен құттықтап, Құран сыйға тартты.

Шара соңында имандылық үйін тұрғызған Тасқын Тұрғанғазыұлы ағамызға ақ бата беріліп, ел игілігі үшін сауапты амал жасайтын жомарт азаматтардың қатары көбейіп, тəуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болуына дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат