Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақмолада «Бірлігі жарасқан жамағат» сайыс өткізді 

nasihat.kz 18.09.2018 253 0 пікір

Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітінің үш жылдығына арналған «Бірлігі жарасқан жамағат!» атты эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа облыстың барлық өңірінен сегіз команда қатысып, бақтарын сынады. Көкшетау қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде өткен жарыстың алдында ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит құттықтау сөз сөйледі. Ол бұл шараның маңызына тоқтала келе, жамағат арасындағы бауырмашылдықтты насихаттау келелі іс екенін атап көрсетті.

Әділқазылардың сараптамасына сай бас жүлдеге Ақкөл ауданының командасы лайық деп табылды. Кейінгі екі орынды Целиноград ауданы мен Степногорск қаласының спортшылары өзара бөлісті.

Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді. Сонымен бірге, Атбасарлықтар «Ұйымшыл команда» және Көкшетау қаласының спортшылары «Жарасымды команда» аталымдарымен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат