Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Өскеменде теологтарға облыстық семинар өтті

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 19.09.2018 235 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі мен Шығыс Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен «Халифа Алтай» мешітінде теологтарға арналған семинар өтті.

Жиынға Өскемен аймағының қалалық, аудандық мешіттердің имамдары және теологтар, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» мамандары қатысты.

Жиында облыстық облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшысы Ернат Қыдырмоллаев: «Жат ағымдармен күресті бірлесе жүргізу мақсатында біз өкілдікпен бірлескен шаралар жоспарлап іске асырып келеміз. Жұмысымыз өз нәтижесін беріп отыр. Осы іске тікелей ат салысып жүрген теологтарымздың білімін шыңдау аса маңызды»,- дей келе атқарылып атқан істерді талқылап, теологтардың алдына жаңа міндеттер жүктеді. 

Сонымен қатар облыстық мешіттің наиб имамы Дәулет Қабидолдин бүгінгі таңдағы жат ағыммен күресте имамдардың атқарып жатқан істеріне тоқталып, ойын ортаға салды. Басқосуда теологтарға арнаулы тапсырмалар берілді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат