Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Халал Даму қызметкерлері ҚР ҰКП “Атамекен” алаңында өткен жиналысқа қатысты (ФОТО)

muftyat.kz 19.09.2018 493 0 пікір

18 қыркүйек күні ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнес өкілдері және қызығушылық танытқан мемлекеттік ұйымдардың қатысуымен шет ел нарығына отандық өнімдерді экспорттаудағы барьерді жою, техникалық реттеу барысында туындаған сұрақтарға шара қолдану бойынша жиналыс  өтті. Аталған жиналысқа ҚМДБ стандарттау бөлімінің меңгерушісі, «Халал Даму» ЖШС директоры Б.Мырзагелдиев және онлайн трансляция арқылы Алматы қаласындағы өкілдері А.Елжанов, Қ.Бүркітбаев және бас эксперт-технолог А.Абильдинова қатысты.

«Атамекен» АЭС басқармасының төрағасы Қ,Бишимов қазіргі таңда бірқатар отандық кәсіпорындар өнімдерін шет ел нарығына, соның ішінде Еуропа нарығына экспорттап жатқандығын және отандық өнімдерінің  танымалдығын арттыру үшін зонттық брендтерді  («Qazaq Organic Food», «Halal Kazakhstan», «KazMai» и «KazMeat») және экспорттау барысында техникалық реттеуде туындаған сұрақтарға қатысты шаралар қолдануды ұсынды. Аталған таңбаларды қолданудың пайдасы мен ықтимал шығындары жөнінде нақты сұрақтарды атап өтті. Сонымен қатар, халал және органикалық өнімдерді стандарттаумен айналысатын мекемелерге ұлттық стандарт әзірлеу жөнінде ұсыныс тастады.

Өз кезегінде сөз алған Б.Мырзагелдиев ұлттық стандарт жасау, «Halal Kazakhstan» брендін қалыптастыру оңай дүние емес екендігін, ең алдымен еліміздегі 10-нан аса халал сертификат берумен айналысатын мекемелердің жұмысын реттеудің қажеттігін басты назарға ұсынды. ҚМДБ «Халал Дамудан» сертификаттаудан өткен 200-ден аса кәсіпорынның жұмысын ай сайын 50 қызметкердің қадағалайтындығын және де “халал” белігісіне күмәндана қарайтын халықтың сенімін қайта ояту мақсатында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатаң бақылауға алғандығын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің жүргізген зерттеу нәтежиесі бойынша еліміздегі халал сертификаттаумен айналысатын кейбір мекемелердің «халал» деп таныған өнімдерінен шошқа ДНК табылғандығын, осындай қателіктерді болдырмас үшін ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС лабороториялық зертханалармен тығыз байланыста жұмыс жасайтындығын жеткізді. Сондықтан, шет елге «Halal Kazakhstan» таңбасымен өнім экспорттаудан бұрын, алдымен еліміздегі халал жүйесін реттеу жөнінде ұсыныс тастады.

Қатысушылардың пікірінше, бүгінгі кездесу көптеген мәселелердің, атап айтқанда, халал өнімдері сертификаттаумен айналысатын бизнес және мемлекеттік ұйымдар арасындағы ең үлкен диалогты құруға көмектесті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат