Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

21.06.2014 1347 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйырығы бойынша: "еліміздегі әр өкілдіктердің, жасөспірім жеткіншектердің жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін, сауат ашу курстары мен лагерь ұйымдастырылсын" - деп бұйырылған болатын.

Осы тапсырмаға сәйкес, ҚМДБ- ның Қарағанды өңіріне қарасты өкілі Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлының нұсқауымен, балалардың жаздық демалысын ойдағыдай көңілді өткізілуін қадағалап, рухани сауаттылығын арттыратын курсы үш апта бойы жұмыс атқарды. Оларға Жаримбетов Мұхит, Жайлаубаев Азамат, Абденова Айым, Иманғали Ақерке, Тұрсалина Айдана сынды білімді ұстаздар дәріс берді. Бағдарлама бойынша Құран әліппесі (ойынмен жүргізу), иман негіздері, Ғибадат – құлшылық, Ислам әдебі (хадис, дұға) сабақтарымен қоса, ҚМДБ –ның сараптамасынан өткен имандылық тақырыбындағы бейнефильмдер де көрсетіледі.

Сонымен қатар осы үш аптада балаларды бір мезгіл далада, таза ауаға шығарып, әртүрлі ойындар да ойнатылды. Волейбол, футбол ойындарынан  жарыстар өткізіліп, дәстүрлі ұлттық ойындарын да жүргізді. Атап айтсақ, асық ату, арқан тартыс және т.б. Мешіт  жамағаты, Зәкәрия Абдурахман ақсақал балалардың ұлттық дәстүрден алшақ кетпей, біршама жақын жүрсін деген ниетімен, мергендікті қажет ететін түрлі ойындар ойнатты.

Шәкірттердің жас шамасы 5 – 15 жас аралығында. "Барлығы 50–ден астам ұл, қыз балалар 2 топқа бөлініп үзбей оқыды. Олардың арасында рухани және психологиялық тұрғыда өздерін дайындап, ұстаздарынан ақыл–кеңес алу арқылы қасиетті Рамазан айында толық ораза ұстауға ниеттенген шәкірттер де баршылық. Әлбетте оқу барысында кішкентай шәкірттерімізге бір мезгіл түскі ас та қарастырылған", – дейді ұстаздар. Шәкірттерге жақсы көңіл – күй сыйлайтын арнайы серуендер ұйымдастырылды, атап айтсақ, хайуанаттар бағына, қалалық кинотеартға мультфильм тамашалауға арнайы апарған еді. Әр күнде балаларға арнайы тосын-сый әзірленді, балмұздақтар таратылып, сусындар мен тәтті үлестірілді.

Үш апта  көзді ашып-жұмғанша жылдам өте шықты. Бүгін, яғни 21 –маусымда  жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатына орай, Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы балаларға алғысын білдіріп, қызықты ойын марафонын ұйымдастырды. Асыр салып ойнаған балалар, Рамазан айынан кейін ашылатын жазғы сауат ашу курсының 2 тобына қатысқылары келетіндігін айтты. Соңында шәкірттерге алғыс хаттармен қоса шағын сый – сияпаттар жасалды. Шат-шадыман болған балалардың ата-аналары облыстық орталық мешітке ризашлықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. 

Тотия Енсебаева
Қарағанды облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат