Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

АСТАНАДА ҚМДБ ТӨРАЛҚА МƏЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 09.10.2018 1746 0 пікір
Бүгін Елордада республикалық "Əзірет Сұлтан" мешітінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мəжілісі өтті.
 
Мəжіліске ҚМДБ төраға орынбасарлары, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, мүфтияттың облыстардағы өкіл имамдары, ҚМДБ бөлім меңгерушілері қатысты.
 
Төралқа мəжілісінде қоғамдағы өзекті діни сауалдарға қатысты пəтуа беру, жаңа ашылған мешіттерге ат қою, деструктивті ағымдармен жүйелі жұмыс жасау, өңірлерде Татуласу орталығын құру, т.б. мəселелер жан-жақты талқыланды.
 
ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы мүфтият қызметкерлерінің кезекті есебін тыңдап, нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Шариғат және пәтуа бөлімнің жұмысын жандандыру бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді.  
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат