Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жамбыл: Әйел жамағатына мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімі үйретілді

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 10.10.2018 350 0 пікір

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Ар-Рахман, Ар-Рахим» мешітінде мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру сабақтары өтті. 

«Ар-Рахман, Ар-Рахим» мешітінің ұстазы Айдарова Зора жиналған әйел жамағатына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұнына бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру мен кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып өтті және қуыршақ арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті.

Соның ішінде, адамға ажал сәті тақағаннан иманын үйіріп, оған кәлима сөздерін қайталап отыру сынды әдеп-амалдар, мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіттің әуретіне қарамау, ерді ер, әйелді әйел адамның, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа намазы туралы егжей-тегжейлі айтып, түсіндірілді. Сондай-ақ, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды.

Танымдық дәрісті дәптерлеріне тапжылмай жазып отырған қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар жолдап, өздеріне қажетті мол мағлұмат алды. Сауат ашу курсының оқыту бағдарламасында қамтылған тақырып толықтай ашылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат