Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мүфти кеңесшісі Ақтөбе медресесінде

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 17.10.2018 320 0 пікір

Кеше Мүфтидің Бас кеңесшісі Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Ақтөбе медресе-колледжін зиярат етті.

Колледж ұжымы және шәкірттерімен сұхбаттасты. Шәкірттерге шариғи білім алудың жауапкершілігі, асыл дінімізге қызмет ету турасында насихат айтты. Білім талап етуші өрендерге бата-тілегін арнап, ілім үйренуде ықыласты болуға үндеді.

Колледж директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков медресе ғимаратын Ақтөбе қаласына көшіру бастамасы қолға алынғандығын айтып, жоба жұмысымен таныстырды.

Сондай-ақ, ҚМДБ өкілі Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет» мешітін зиярат етті. Сәулетті мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, «Нұрдәулет» қорының директоры Борис Байжарқыновпен және мешіт имамдарымен сұхбаттасты. Мүфти кеңесшісі Алсабеков Мухаммад-Хусайн қор директорына естелік сыйлық тарту етіп, ілтипат көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат