Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Мүбарак студенттері текті сөздің төресі жайлы сыр шертті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 17.10.2018 233 0 пікір

"Текті сөздің төресі" атты рухани-мәдени кеш Нұр-Мүбарак университеті студенттерін аталы сөздің астарын, баталы сөздің берекесін ұғынуға ұмтылдыра түсті. Жастар ісі жөніндегі комитеттің Мәдениет секторының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қазақ радиосының аға редакторы, жыршы-термеші Қошан Мұстафаұлы студенттерге мағыналы мәдени кеш сыйлады. Төле бидің тоқсан жасында айтқан толғауымен басталған кеште халқымыздың  би-шешендері, ақын-жыраулары, қазақ батырларының ерліктерімен қоса, салт-дәстүр, жыр-дастандары мен терме-толғауларының дінмен тығыз байланысы да кеңінен тарқатылды. 

Тіпті әлеуметтік желідегі жарнамадан көріп, арнайы келіп, аталы сөздерден керегін түртіп алып, алдағы уақыттарда да осындай келелі кештерді күтетінін айтып, алғысын білдірушілер де болды. Ұйымдастырушылар кеш қонағына сыйлығын ұсынып, болашақта бұдан да үлкен әдеби-мәдени іс-шаралар өткізілетіндігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат