Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Өскемен өкілдігінің командасы топ жарды

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 18.10.2018 150 0 пікір

Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісім күні» қарсаңында Өскемен қаласында облыстағы діни бірлестіктер арасында спорттық бәсекелер жүріліп өтті.

Аталған шараға ҚМДБ Өскемен аймағының командасымен қатар облыстағы барлық діни бірлестіктердің спортшылары қатыстып, дойбы, арқан тарту, қол күресі, гир көтеру қатарлы спорт түрлерінен сайысқа түсті.

Барлығы 100-ге тарта спортшылар қатысқан сайыстан өкілдіктің «Ислам» командасы қарсылас спортшыларды басымдықпен ұтып, жеңіске жетті.

«Рухани келісім күні қарсаңындағы осынау сайыста өкілдіктің командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Өкілдік тарапынан қызметкерлердің арасында бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттыруға көңіл бөліп келеміз» деп атап өтті, облыстық мешіттің спорттық іс-шараларға жауапты маманы.

Жеңіске жеткен өкілдіктің спортшыларына облыстық Дін істері басқарамасы атынан кубок және ақшалай сыйлық ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат