Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ТАРИХИ ЕҢБЕКТЕРДІҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

www.muftyat.kz 01.11.2018 720 1 пікір

Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Жамиғат-ат тауарих» және «Зикзал» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Салтанатты шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар қатысты.

Аталған еңбектерді Елбасының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында Халықаралық Түркі академиясы басып шығарды.

«Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» еңбегінің алғаш рет қазақ тіліне аударылуы – тарихи оқиға. Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» кітабының да ана тілімізге тәржімалануы рухани өміріміздегі елеулі сәттердің бірі», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Еңбекті парсы, көне шағатай тілдерінен аударған – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, араб, парсы тілінің маманы Зәріпбай Жұманұлы.

Зәріпбай Жұманұлына елеулі еңбегі үшін Түркі академиясының күміс медалі табысталды.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Даурен | 06.11.2018 09:53

Ассалаумагалейкум!!! Осы китаптар сатылмга шыга ма? Кайдан, калай алуга болады?

Соңғылар

Мұрағат