Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ: ДІНГЕ БЕТБҰРЫС – ҚАЛЫПТЫ ҚҰБЫЛЫС

www.muftyat.kz 06.11.2018 506 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ақ желкен» журналына берген сұхбатында қоғамның дінге бетбұрысы жайлы пікірімен бөлісті.

«Ислам – мемлекеттің рухани тірегі. Өйткені дінсіз қоғам болмайды. Ал дінге бетбұрыс – қалыпты құбылыс. Адамдар Алла тыйым салған дүниелерден тыйылса, керісінше жақсы емес пе? Біздің дінімізде адамды мәжбүрлеу жоқ. Оны Алла Тағала Құранда, пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде айтқан. Пайғамбарымыздың заманында ол өмір сүрген қалада басқа діндегілер де тіршілік еткен. Сонда пайғамбарымыз, қазіргі тілмен айтқанда, толеранттылық танытты. Мұсылмандар басым деп, оларды көшіріп жіберген жоқ, не болмаса «бәрің мұсылман боласыңдар» демеді», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат