Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Талдықорған: Өкіл имам жастармен кездесті

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 08.11.2018 114 0 пікір

Талдықорған өңірі «Жастар ісі» секторының ұйтқы болуымен өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы Гуманитарлық-техникалық колледжінің белсенді жастарымен кездесті. Рухани кездесуде «Дін, дәстүр, мәдениет – ортақ құндылығымыз» тақырыбында насихат айтты.

«Егемен елімізді дүние жүзінің дамыған елдерімен теңестіріп, тұтқасын ұстайтын ұландарымыздың бағдаршамы – ұлттық рухани құндылық, ең негізгі ұстанымы Ислами ізгілік болғаны жөн. Олар халқымыздың қанындағы әдептілік, имандылық, мейірімділік, діндарлық, қайырымдылық, ізеттілік секілді құндылықтар мен асыл қасиеттерді ұлықтап, рухани азық еткені абзал», - деп сөз еткен өкіл имамның тағылымды насихаты жастарға ой салғандай.

Белсенділік танытқан жастар сұрақтар қойып, өздері де ойларын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат