Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Түркістан облысында семинар өтті

Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі www.yassi.kz 08.11.2018 220 0 пікір

Түркістан облысы бойынша өкілдігінде “Мешіттердегі қаржылық ашықтықты қалыптастыру” бойынша семинар өтті.

Облысқа қарасты қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары мен іс-басқарушылары “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” орталық мешітінде бас қосып, Бас Мүфтидің тапсырмасын жан-жақты талқылады.

Түркістан облысы бойынша өкіл имам Мұсабек Ақтамберді семинардың күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Жиын барысында өкілдікке жүктелген міндеттерді орындайтын бөлімдер құрылып, жауапты қызметкерлер бекітілді.

Семинар соңында өкіл имам бірнеше нақты тапсырмаларды тізіп, жиналғандарға ел мен дін үшін жұмыла жұмыс істеу керектігін баса айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат