Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жамбыл облысы бойынша әйелдер арасында Құран жарысы өтті

www.asyldin.kz 08.11.2018 159 0 пікір

 

Үстіміздегі жылдың 2-3 қараша күндері Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр, мешіт бас имамы Жұмағұл Қанат және мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен облысымызда алғаш рет әйелдер-қыздар арасында 3 аталым (номинация) бойынша Құран жарысы өтті.

Әділқазылар – Д.Әлимұхаммедұлы, Қ.Әділханұлы, Қ.Бекжігітұлы, Ж.Болатбекқызы және Г.Серікқызы  жарыскерлердің дайындығын тексеріп, бағаларын берулері нәтижесінде 3 аталым бойынша І, ІІ және ІІІ орындарды иемденген 9 қатысушы оқ бойы озып шықты.

Сайыстың «Құранды мәнерлеп, бетінен оқу» аталымы бойынша 19 үміткер сайысқа түсіп, алғашқы 3 орын анықталды:

3- орын -  Д.Қалдыбекова,

2- орын - Ә.Елеусинова,

1 - орын - З.Сүлейменова иеленді.

«Құранның жарты парасын жатқа оқу» аталымы бойынша 23 қыз сынға түсіп:

3- орын -  Р.Әлимұхаммед,

2- орын -  Ш.Тымбаева,

1- орын -  Н.Шадиярқызы алды.

«Құранның І парасын жатқа оқу» аталымы бойынша 10 қыз сынға түсіп,

3- орын -  Ә.Бейсеналы,

2- орын-  М.Танысбаева алса,

1- орын - Л.Әлжан қазылардың ортақ шешімі бойынша лайықты деп танылып, 150 000 теңге сыйақыға кенелді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат