Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бүкіләлемдік ислам экономикасында бұрын-соңды болмаған құбылыс

12.09.2014 1298 0 пікір

Timez5 компаниясының «халал» азық-түлік өндірісінің атқарушы директоры Надер Сабри Исламдық қаржы жүйесі мен «халал» өнімдер саудасын сараптай келе, ислам экономикасының қарыштап дамып келе жатқандығын айтты. Бұндай қарыштаудың және де бұрын-соңды байқалмағанын ескертеді. Бұл жағдай халықаралық салымшылардың Исламдық экономикаға қызығушылық танытуына жол ашуда. Айта кетейік, көптеген салымшылар діни наным-сенімдері бойынша, ислам дінін ұстанбайды.

Сабридің айтуынша, жалпы салымның 50 пайызы Парсы шығанағы елдерінен келетін көрінеді. Бұл қаржының 87 пайызы Мекке мен Мединеге жол тартқан қажылар жұмсаған қаражат.

Соңғы жылдардағы бүкіләлемдік Ислам экономикасын ауқымы мен айтарлықтай дамуына қарамастан, көптеген қиынықтардың бары рас. Соның бірі жаңа технология саласына қатысты дейді Сабри.

Бұған қоса, мұсылмандар қауымы кез келген инновациялық өнімдерге сенімсіздікпен қарайды. Олар дәстүрлеріне сай келетін, жылдар бойы тексерілген дүниелерді пайдалана бергенді жөн санайды. 

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат