Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бас мүфти Петропавлда жергілікті жамағатпен жүздесті

17.10.2014 1733 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары  жалғасуда. Бүгін қасиетті жұма күні Бас мүфти Петропавл қаласында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалап, жергілікті жамағатпен жүздесті.

«Кеше Айыртау ауданында Алла үйінің алғашқы кірпішін қаладық. Аллаға шүкір, бүгін Солтүстік Қазақстан облысында екінші мешіттің іргетасын қалаудың сәті түсіп отыр. Қазақта: «Азаны бар ауыл азбайды», – деген қанатты сөз бар. Мешіт – имандылықтың, бірліктің, игіліктің, білімнің ұйытқысы. Салынатын жаңа мешіт халықтың сауатын ашуға, діни білімдерінің артуына үлкен үлес қосады деп сенемін. Құтхана құтты болсын, жамағат!» – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы салтанатты рәсімде.

Жиналған жамағат Бас мүфтимен сұхбаттасып, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мешіттерде атқарылып жатқан игі шаралар туралы ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

www.muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат