Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Еңбегі бағаланды

15.01.2015 1013 0 пікір

2015 жылдың 2 ші қаңтар күні мүбәрак мәуліт мерекесі, жұма күнімен сәйкес келіп, Жезқазған аймағы бойынша Өкіл имамы, «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің Бас имамы, Қабылбек Жұмабеков мәуліт мерекесі туралы тартымды өнегелі уағыз айтты. Жұма намазының соңында жамағатқа сұрақ-жауап ретінде жарты сағат жиын жасады. Жұма намазы аяғында тағы да бір іс-шара орындалды. Атап айтатын болсақ, Зәукенхажы Ыбырайтегінің «Шапағатын шашқан шаңырақ. Мәңгілікке апаратын жол» атты кітабына жүргізілген діни сараптама қорытындысы туралы құжатты (№2/1198 «24» желтоқсан 2014 жыл) Өкіл имам Зәукенхажыға салтанатты түрде табыс етіп, құттықтау сөз айтты. Бұл құжат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атына Өкіл имам Қабылбек Жұмабековтың ұсынысына (№409 «30» 09. 2014 ж) сәйкес берілген.

Ыбырайтегі Зәукенхажы өз кезегінде Өкіл имам мен мешіт қызметкерлеріне алғысын білдіріп, бата берді. Одан кейін Өкіл имамға мынадай сауал қойды.

-Құрметті Өкіл имам Қабылбек мырза, Барлық ғылымдардың түпкі шегі-мағрифаттулла іліміне сәйкес «Шапағатын шашқан шаңырақ. Мәңгілікке апаратын жол» кітаптың 84-бетінде «Иман негіздері» тақырыбында өткізілген іс-шарада көтерілген, есік тұтқасында жазылған Алланың 9 аты сипаты туралы түсіндірсеңіз?

Бұл сұрақтың жауабын Өкіл имам кезекті уағыз тақырыбы: Рухани ілім негіздері. Мағрифаттула ілімі туралы газет-журналдарда жариялайтынын айтты. 

Жезқазған аймағы, «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің баспасөз хатшысы 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат