Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жастармен өткен келелі кездесу (ФОТО)

13.04.2015 950 0 пікір

Ақтөбе облысы бойынша Жастар ісі бөлімінің жауапты өкілі, Қалалық мешіттің бас имамы Б.Тәжімбет және Ақтөбе қалалық мешітінің ақпараттық насихат тобының мүшесі Н.Ш.Разақов 2-8 сәуір аралығында 5 аудан орталығының (Хромтау, Алға, Мұғалжар, Темір, Байғанин) 650-ден астам  түлектерімен кездесті.

Қазіргі таңда жастардың шет мемлекеттерге заңсыз өтіп, теріс білім алып, жат ағымға түсіп кетіп жатқандары аз емес. Сол себепті жас түлектерге діни білімді шет мемлекет аспай-ақ жергілікті оқу орындарынан, медреселерден алуға болатыны тұралы ақпарат беруді мақсат етіп, білім алу, оның ішінде діни білім алу тұрғысында біршама уағыз айтып, жастармен сұхбаттасты. Қазіргі таңның өзекті мәселелерінің бірі оқушылардың өзіне өзі қол жұмсауы да назардан тыс қалған жоқ. Себебі өтпелі кезеңде жүрген жастар мен ертең ҰБТ тапсыратын оқушылардың арасында бұл жағдай жылда белең алып, ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдатып отырғаны бәрімізге аян.

Хромтау ауданына жұмыс сапары барысында №4 Хромтау орта мектебінде Хромтау ауданының бас имамы А.Әлимен біріге аудан орталығындағы 6 мектептен 120-дан астам  түлектерімен кездесу өткізілді.

Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінде өткен кездесуге 150 оқушы, 8 мұғалім қатысса, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №4 мектепте өткен кездесуге 125 оқушы, 6 мұғалім, ішкі саясат өкілдері, мектеп директорлары қатысты.

Темір ауданында екі мектепте яғни, №4 және №1 мектептерде 120 дан астам оқушы жиналса, Байғанин аудан орталығындағы Спорт мектебінің акт залында 125 жуық түлек жиналды. Оқушылармен болған осы кездесулер әр бірі өзінше ерекшелікпен өтті. Түлектер білім алу барысында өздерін мазалап жүрген көкей кесті сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптарын алды.

Сәуір айының аяғына дейін  қалған басқа да аудан орталықтары жастарымен кездесу жоспарлануда.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат