Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Балаларға базарлық жасалды

07.06.2015 903 0 пікір

1-маусым Балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысы Степногорск қаласының Паң Нұрмағамбет мешітінің ұйымдастыруымен Степногорск қаласында және қалаға қарасты елді-мекендерде тұратын балаларға мерекелік сыйлық жасалды.

Орталық алаңға жиналған бүлдіршіндерге 500 балмұздақ тегін таратылды. Сондай-ақ мектеп жанындағы жазғы лагерде оқитын балаларға да жеткізілді. Сонымен қатар қала және кенттердегі аз қамтылған және тұрмысы төмен, көп балалы 50 отбасының балаларына арнайы мерекелік дастархан базарлығы жасалып, үйлеріне таратылды. Степногорск қаласында тұратын, мүмкіндігі шектеулі балаға арба сыйға тартылды. Егіз баласының біреуі мүгедек болып дүниеге келген ана мешіт қомқорлығына алғысын білдіріп, баласы үшін жасалған сый-сияпатқа ризашылығын жеткізді. Сыйлық алған, сонымен қатар мерекелік шараға келген балалардың ата-аналары мешіт тарапынан жасалған қайырымдылық іс-шарасына алғыстарын білдірді.

Жалпы халқымыз бағзы заманнан бері баланың болашағына бей-жай қарамаған. Баланың қуанышы ата-ананың қуанышы деген қағиданы ұстанып келген. Осы игілікті дәстүр әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сондықтан да балалар үшін жасалған азғантай базарлық олардың жүзіне күлкі, көңіліне шаттық ұялата алса, одан асқан базарлық болмас еді.

Степногорск қаласының  Паң-Нұрмағамбет мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат