Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Білімде бақ сынап, оза шапқан шәкірттер (ФОТО)

09.07.2015 418 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров Рамазан айының қарбалас тіршілігіне қарамастан 7-маусым күні мешіт жанындағы жазғы діни сауат ашу курсында тәлім алып жатқан бүлдіршін шәкірттермен кездесті. Олардың аз уақыт ішінде үйренген білім деңгейлерін тексерді.Сондай-ақ, оларға қасиетті айдың құрметіне орай сый-сияпат табыстады.

Шындығында жас бүлдіршіндер санаулы күндер ішінде өздерінің діни біліммен сусындағандарын бас имам Батыржан Берденұлының алдында дәлелдеп бақты. Бірі Құран сүрелерін жүргізіп әрі жатқа оқыса, енді біреуі үйге кіргенде, шыққанда айтылатын дұғаларды жатқа айтып берді. Тағы басқалары мекткептегі секілді "Мен айтайынға" басып, қолдарын көтеріп білімде мықтылығын танытып бақты. Бір-бірімен білімде оза шапқан шәкірттер мешіттің беріп жатқан дәрістеріне көңілдерінің тоқ екенін айтып, ұстаздарға дән ризашылықтарын білдірді.

Иә, балаларымыз иманды, қыздарымыз ибалы болса, тәуелсіз еліміздің іргесін ешкімнің де сөге алмасы анық. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Кемі бес шәкірті болмаған имам өзін имам санамасын» деген салмақты сөзі де осыны аңғартса керек.

Айта кетейік, бүгінгі күні мешіт жанындағы жазғы діни сауат ашу курсына тіркелген 60-қа жуық балаларға «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Дәрібаев пен Ақтөбе медресесінің I-курс шәкірті Саясат Жанзақов Құран әліппесі мен ережесі, сенім, ғибадат, әдептілік және Пайғамбар ғұмыры пәндерінен дәрістер жүргізуде. 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат